Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірмдер мектебі" МКҚК

A- A A+

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірмдер мектебі" МКҚК

ГККП " Областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва" управления физической культуры и спорта акимата Западно-Казахстанской области

Основной целью деятельности Предприятия является реализация государственной программы развития физической культуры и спорта Республики Казахстан.

Жас баскетболшылар Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері атанды!!!

2019 жылдың 7-13 қаңтар күндері Щучинск қаласында баскетболдан 2005 жылы туылған ұлдар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 9-команда қатысты.

«Жарыс айналма әдісі бойынша өтті. Осы чемпионатта БҚО ұлдар құрама командасы сапалы ойын өрнегін көрсетіп жүлделі үшінші орынға ие болды! Осы жас ерекшелігі бойынша БҚО құрама командасы үш дүркін Қазақстан Республикасының қола жүлдегері атанып отыр! 2017, 2018, 2019 жылдар! Бұндай нәтиже бұрын соңды баскетбол спортты бойынша БҚО тарихында болмаған. Осы чемпионатқа жақсы, алаңсыз дайындалуымызға әр кез қолдау көрсетіп отыратын Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына және Батыс Қазақстан облысы Баскетбол және Стритбол федерациясына алғысымыз шексіз» дейді БҚО құрама командасының аға жаттықтырушысы Досым Сейілханұлы Куанаев.

Сонымен қатар, Хангереев Бекарыс "Үздік ойыншы "атанып, осы жас ерекшелігі бойынша (2005) Қазақстан Республикасының құрама командасы сапына алынды!

Алдағы уақыттада жеңісті күндеріміз көп болсын!