БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» МКҚК

A- A A+

Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі дене Шынықтыру және спорт Басқармасының «Облыстық Балалар-Жасөспірімдер спорт мектебі»МКҚК

ГККП «ОБЛАСТНАЯ ДЕТСКО-ЮНОШЕСКАЯ СПОРТИВНАЯ ШКОЛА» УПРАВЛЕНИЯ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА АКИМАТА ЗАПАДНО- КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Основной целью деятельности Предприятия является реализация государственной программы развития физической культуры и спорта Республики Казахстан.

«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні»


Жарыстың ашылу салтанатына спорт ардагерлері, мектептің жаттықтырушылары, қызметкерлері, спортшылары қатысты.


Мектеп директоры Тұрарбек Алтынбекұлы мектеп ұжымын және спортшыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Сонымен қатар, 2018 жылды қорытындылай келе мектептің жыл үздіктерін арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен мараппаттады:

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша баскетбол бөлімінің спортшысы Сейлханов Мансур марапатталды (2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚРЧ жеңімпазы (Атырау қ. командасының сапында).

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша баскетбол бөлімінің спортшысы Карагушева Дильназ марапатталды (2003 ж.т. қыздар арасындағы ҚРЧ қатысушысы).

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша садақ ату бөлімінің спортшысы Ильясова Алина (ХДСШ, Жастар ойындарының жеңімпазы, ҚРЧ жеңімпазы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша Президенттік көпсайыс бөлімінің спортшысы Сансызбай Еламан (ҚРЧ жеңімпазы, ҚРК қола жүлдегері) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша қол добы бөлімінің спортшысы Уракчеев Никита (ҚРЧ қатысушысы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша волейбол бөлімінің спортшысы Губашева Мира (ҚР Лигасының қатысушысы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойынша велоспорт бөлімінің спортшысы Абубакар Жалғас (ҚРЧ қатысушысы) марапатталды.

 


Сондай-ақ, мектептің үздік жаттықтырушысы мен қызметкерлері арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:

 

  • «Үздік жаттықтырушы-2018» номинациясы бойынша садақ ату бөлімінің жаттықтырушысы Тян Юлия Вадимовна (ҚР ХДСШ) марапатталды.
  • «Үздік қызметкер-2018» номинациясы бойынша әдіскер Татьяна Павловна Киреева марапатталады (Татьяна Павловна спорт мектебінде көп жылдар қызмет етіп келеді) .

 

  • «Үздік қызметкер-2018» номинациясы бойынша жұмысшы Тілеген Самиғоллаұлы Сергалиев марапатталады.

 

Сонымен қатар, мектеп директоры Тұрарбек Алтынбекұлы мектептің механигі Анатолий Алексеевич Захарикті 70 жас мерей жасымен құттықтап, алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады.

 

Дартстан 2001-2003 ж.т. 2004-2007 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдары мен қыздары және бөлім жаттықтырушылары арасында өткен Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын         Велосипед спорты бөлімінің командасы (285 ұпай)

2-орын         Садақ ату бөлімінің командасы (220 ұпай)

3-орын         Баскетбол бөлімінің командасы (217 ұпай)

4-орын         қол добы бөлімінің командасы (211 ұпай)

5-орын         Президенттік көпсайыс бөлімінің командасы (176 ұпай)

6-орын         волейбол бөлімінің командасы (140 ұпай)