БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» МКҚК

A- A A+

Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі дене Шынықтыру және спорт Басқармасының «Облыстық Балалар-Жасөспірімдер спорт мектебі»МКҚК

ГККП «ОБЛАСТНАЯ ДЕТСКО-ЮНОШЕСКАЯ СПОРТИВНАЯ ШКОЛА» УПРАВЛЕНИЯ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА АКИМАТА ЗАПАДНО- КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Основной целью деятельности Предприятия является реализация государственной программы развития физической культуры и спорта Республики Казахстан.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай

2018 жылдың 13-желтоқсан күні «16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай

мектептің Президенттік көпсайыс, волейбол, баскетбол, қол добы, садақ ату және велосипед спорты бөлімдерінің 2001-2003 ж.т. 2004-2007 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдары мен қыздары және бөлім жаттықтырушылары арасында дартстанОблыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатына спорт ардагерлері, мектептің жаттықтырушылары, қызметкерлері, спортшылары қатысты.

Мектеп директоры Тұрарбек Алтынбекұлы мектеп ұжымын және спортшыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Сонымен қатар, 2018 жылды қорытындылай келе мектептің жыл үздіктерін арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен мараппаттады:

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншабаскетбол бөлімінің спортшысы Сейлханов Мансур марапатталды (2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚРЧ жеңімпазы (Атырау қ. командасының сапында).

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншабаскетбол бөлімінің спортшысы Карагушева Дильназ марапатталды (2003 ж.т. қыздар арасындағы ҚРЧ қатысушысы).

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншасадақ ату бөлімінің спортшысы Ильясова Алина(ХДСШ, Жастар ойындарының жеңімпазы, ҚРЧ жеңімпазы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншаПрезиденттік көпсайыс бөлімінің спортшысы Сансызбай Еламан(ҚРЧ жеңімпазы, ҚРК қола жүлдегері) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншақол добы бөлімінің спортшысы Уракчеев Никита(ҚРЧ қатысушысы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншаволейбол бөлімінің спортшысы Губашева Мира(ҚР Лигасының қатысушысы) марапатталды.

 

  • «Үздік спортшы-2018» номинациясы бойыншавелоспорт бөлімінің спортшысы Абубакар Жалғас(ҚРЧ қатысушысы) марапатталды.

 

Сондай-ақ, мектептің үздік жаттықтырушысы мен қызметкерлері арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:

 

  • «Үздік жаттықтырушы-2018» номинациясы бойыншасадақ ату бөлімінің жаттықтырушысы Тян Юлия Вадимовна (ҚР ХДСШ)марапатталды.
  • «Үздік қызметкер-2018» номинациясы бойынша әдіскер Татьяна Павловна Киреева марапатталады (Татьяна Павловна спорт мектебінде көп жылдар қызмет етіп келеді) .

 

  • «Үздік қызметкер-2018» номинациясы бойыншажұмысшы Тілеген Самиғоллаұлы Сергалиев марапатталады.

 

Сонымен қатар, мектеп директоры Тұрарбек Алтынбекұлы мектептің механигі Анатолий Алексеевич Захарикті 70 жас мерей жасымен құттықтап, алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады.

 

Дартстан 2001-2003 ж.т. 2004-2007 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдары мен қыздары және бөлім жаттықтырушылары арасында өткен Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын         Велосипед спорты бөлімінің командасы (285 ұпай)

2-орын         Садақ ату бөлімінің командасы (220 ұпай)

3-орын         Баскетбол бөлімінің командасы (217 ұпай)

4-орын         қол добы бөлімінің командасы (211 ұпай)

5-орын         Президенттік көпсайыс бөлімінің командасы (176 ұпай)

6-орын         волейбол бөлімінің командасы (140 ұпай)