БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» МКҚК

A- A A+

Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі дене Шынықтыру және спорт Басқармасының «Облыстық Балалар-Жасөспірімдер спорт мектебі»МКҚК

ГККП «ОБЛАСТНАЯ ДЕТСКО-ЮНОШЕСКАЯ СПОРТИВНАЯ ШКОЛА» УПРАВЛЕНИЯ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА АКИМАТА ЗАПАДНО- КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Основной целью деятельности Предприятия является реализация государственной программы развития физической культуры и спорта Республики Казахстан.

Cадақ ату бөлімі және арнайы жабдықталған спорт залы ашылды

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде садақ ату бөлімі және арнайы жабдықталған спорт залы ашылды.

Мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жан-жақты дамыған, білімді, белсенді, ұлтжанды, рухты азаматтарын тәрбиелеу, тәуелсіз еліміздің дүние жүзіндегі 30 бәсекеге қабілетті спорттық державалар қатарына кіруін, әлемдік аренада танымал болуын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп, бүгін маңызды стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұлт өміршеңдігінің кепілі ретінде спортты дамыту, салауатты өмір салтын бекіту, халықты спортқа тарту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Осындай игі істердің бірі - бүгін өңірімізде басымды олимпиадалық спорт түрі болып табылатын садақ ату спортынан арнайы бөлімнің және жаттығу залының ашылуы.

Садақ ату спорты облысымызда 20 жылдай дамытылып, өңір тұрғындары, соның ішінде жас ұрпақ арасында үлкен сұранысқа ие. Облысымыздың мергендері ҚР ұлттық құрама командасы сапында дүниежүзілік сайыстарда ел намысын абыроймен қорғап, отандық спорттың халықаралық имиджін бекітуге елеулі үлес қосып келеді.

Адамның саулығы, халықтың әл-ауқаты, ұлттың тағдыры басты құндылыққа айналып, дені сау қоғам құру мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болған елімізде спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге басты көңіл бөлініп отыр.

Өңіріміздің байырғы спорт ұйымдарының бірі – Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы садақ ату бөліміне арналған жаттығу залының ашылуы спортты дамытуға бағытталған саясаттың жемісті нәтижесін көрсетіп отыр.

Салтанатты ашылу шарасына құрметті қонақтар, облысымыздың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, спорт ардагерлері, жаттықтырушылары сонымен қатар, спорт ұйымдарының басшылары қатысты. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Аманбаева Әсия Рақымқызы шара қатысушыларын садақ ату бөлімінің ашылуымен құттықтап, спортшыларға жоғарғы жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Жаттығу залының салтанатты ашылу рәсімінің естелігі ретінде қонақтарымызға  Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің садақ атушыларының атынан қонақтарға естелік-сыйлықтар табысталды. Содан кейін, садақ ату бөлімі спортшылары қонақтардың назарына үлгілілік көрсетілімін ұсынды.

Мектептің садақ ату спорты бөлімінде жоғары білімді төрт жаттықтырушы-оқытушы қызмет жасайды және осы спорт түріне 60 спортшыны қабылдау жоспарлануда.

.