Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірмдер мектебі" МКҚК

A- A A+

ГККП " Областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва" управления физической культуры и спорта акимата Западно-Казахстанской области

Основной целью деятельности Предприятия является реализация государственной программы развития физической культуры и спорта Республики Казахстан.

Мектеп тарихы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК

 

Қазақ ССР Білім Министрлігімен келісілген Облыстық Депутаттар Кеңесі атқарушы Комитетінің шешімімен № 3 Қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (құрылған жылы-1969 ж.) 1972 жылдың 1 қарашадан бастап «Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» болып қайта құрылды.

Мектептің алғашқы директоры болып Бикжанов Н.Х. тағайындалды.

Одан кейінгі жылдары мектепті С.Х. Кустанович, К.И. Исмагулов, А.И. Ханган, Ю.П. Букарев, М.В. Комков, В.Н. Шавалдин, А.Г. Чернов, А.С. Хасанов басқарды.

Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі арқылы аудандық және қалалық БЖСМ-н басқару жүргізілетін ұйымдастырушы-әдістемелік орталық болды.

Оқушы жастар арасындағы барлық қалалық және облыстық жарыстар осы мектеппен өткізілді, тек оқушылар арасындағы облыстық спартакиада аясында спорттың 22-24 түрінен жыл сайын жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Републикалық және Бүкілодақтық жарыстарға қатысу үшін спорт түрлерінен құрама командаларды дайындау және жасақтау бойынша басқару жүргізілді.

Мектептің көп жылдар бойы қызмет ету мерзімінде мектеппен ондаған спорт шеберлері, жүздеген жоғары дәрежелі спортшылар дайындалды.

Мектеп тәрбиеленушілері облыс намысын Республикалық, бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда қорғады.

        Қол добынан: Калентьева Любовь, Пашаева Наталья, Потапова Ольга, Ситекова Клара –ҚазақССР чемпиондары,  ҚазақССР құрама командасының ойыншылары – жаттықтырушы Беловский В.Н.;

Пудиков Владимир, Искалиев Ислям, Тимофеев Федор – ҚазақССР чемпионатының қола жүлдегерлері, СССР біріншілігінің финалисттері. Волков Виталий –СССР спорт шебері, Қазақ ССР чемпионы, Азия ойындарының қатысушысы, Астрахандық «Динамо» командасының ойыншысы (Ресей) жаттықтырушылар Гаранин А.С, Чернов А.Г.

        Допты хоккейден: Чернов Олег –СССР спорт шебері, Алматылық «Динамо» командасының сапында СССР чемпионы және күміс жүлдегері, СССР кубогінің иегері – тренер Пиунов А.Г.

Кигбаев Марсель –СССР спорт шебері, Алматылық «Динамо» командасының сапында СССР кубогінің иегері, Мангубаев Марат – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көгалдағы хоккейден Алматылық «Динамо» командасының сапында Европа чемпиондары кубогінің иегері – жаттықтырушылар Немолочнов В.Н., Рафиков С.С. Савченко Павел – СССР құрама командасының сапында жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының ең үздік шабуылшысы. Чиликин Игорь – Ресейдің спорт шебері, Нижний Новгородтың «Старт» командасының сапында Ресей чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері–жаттықтырушы Пиунов А.Г. Уланов Сергей – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Ақжайық» командасының капитаны, команданың барлық жылдар бойғы ең үздік шабуылшысы – жаттықтырушы Рожков А.Г.

Бүгінгі күні мектепте келесі спорт түрлері шұғылдандырылады:  

1) Баскетбол

2) Қол добы

3) Шаңғы жарысы

4) Президенттік көпсайыс

5) Бадминтон

6) Грек-рим күресі

7) Допты хоккей

8) Волейбол

 

Тәрбиеленушілер саны 904 адамды құрайды.

2013 жылдан бері мектепті Алтынбекұлы Тұрарбек басқарады.

Оқу-жаттығу процестерін 35 жаттықтырушы-оқытушы ұйымдастырып және өткізеді. Олардың ішінде жоғары санатты – 1, бірінші санатты – 6, екінші санатты – 6 жаттықтырушы.

Мектеп қызметі балалар мен оқушы жастарды спорттық-сауықтыру және олардың денсаулықтарын нығайтуға және жан-жақты дамуына, сонымен қатар спорт резервтерін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді жүзеге асыруға бағытталған.

Мектептің өз оқу-матералдық базалары бар: спорт залы, тренажер залымен жабдықталған шаңғы базасы.